Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.