"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

12 (он екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті                  құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
1) нысанға бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
Порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

 

Дата публикации
10 февраля 2024