Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары:
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
13 (он үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.