Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы 2024 жылғы 23 қаңтар

 

Каменка  ауылының  жергілікті   қоғамдастық  жиналысының

хаттамасы

 

                                                                      Өткізілген  орны: Каменка

                                                                           ауылы, Мәдениет  үйі

                                                                           Өткізу  уақыты:  

                                                                           2024  жылғы  26 қаңтар

                                                                           сағат 15.00      

                                                                          Қатысқандар: жергілікті  

                                                                          қауымдастқы  мүшелері 4 адам    (тізім  бойынша)

                                                                          Қатыспағандар: 1 адам                                            

            Жиналысты   Каменка  ауылының  әкімі  Е.В.Липковский ашты.

 

       Құрметті  жергілікті  қоғамдастық  жиналысына  қатысушылар!

 

Күн тәртібі

  1. 2023 жылғы 2 жартыжылдықтағы бюджет қаражатының атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау.
  2. 2023 жылғы қаражаттың бос қалдықтарын жіберу жөніндегі ұсынысты қарау.

        3.Жергілікті қоғамдастықтың басқа да  ағымдағы  мәселелері.

 

Келесі   жұмыс  тәртібін  ұсынамын:

Бүгінгі  күн  тәртібі  сұрақтары бойынша 10  минутқа дейін.

Сөзсөйлеушілерге  3 минутқа дейін.

 

Қарсы пікір  бар ма?  Қабылданды.

 

        Біз жергілікті   қауымдастық  жиналысының  төрағасын  және  хатшысын  сайлауымыз  керек.

 

Қандай  ұсыныстар  бар?

 

      Сөзсөйлеуші: Н.А.Царецкая   жергілікті  қауымдастық   төрағасына  А.В.Глотовты   және  хатшыға  Т.Ю.Масовецты  сайлауды  ұсынамын.

 

      Ауыл әкімі: төраға А.В.Глотовты, хатшыға Т.Ю.Масовец  сайлауға  ұсыныс  жасалды.

Басқа  ұсыныстар  бар ма? Жоқ.

Дауыс  береміз.

"Ұсынысты  қолдағандар" - 4

"Қарсы" - 0

"Қалыс" - 0

 Көпшіліктің  дауыс берумен  қабылданды.

А.В.Глотов  және Т.Ю.Масовец өз міндеттеріне кірісулеріңізді  сұраймыз.

       Төраға: Күн  тәртібінің  бірінші  сұрағын  қарастырамыз. Сөз Каменка  ауылының   әкіміне  беріледі.

 

        Ауыл әкімі: біз 2023 жылдың 2 жартыжылдығында жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар арасынан комиссия құруымыз қажет.

       Комиссия құрамына келесі кандидатуралар ұсыныс енгіземін:                  Ритгамер О. В., Царецкая Н. А., Глотов А. В.

Басқа  ұсыныстар  бар ма? Жоқ.

Дауыс  береміз.

"Ұсынысты  қолдағандар" - 4

"Қарсы" - 0

"Қалыс" - 0

 Көпшіліктің  дауыс берумен  қабылданды.

       Бюджеттік қаржыны орындау мониторингі бойынша комиссия мүшелеріне жұмысқа кірісуді ұсынамын.

       Төраға: комиссия мониторинг жүргізді. Біз 2023 жылдың 2 жартыжылдығында жергілікті маңызы бар мәселелерді және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдап, талқылауымыз қажет. Сөз комиссия мүшесіне беріледі Ритгамер О.В

         О.В.Ритгамер 2023 жылдың 2 жартыжылдығында жергілікті маңызы бар мәселелерді және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп берді. Бюджет қаражатын пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы комиссия жоспарланған бюджет қаражаты мақсатына сай пайдаланылды деп шешті.

        Төраға: осы ұсынысты дауыс беруге қоямын. Дауыс беруіңізді сұраймын.    

  Басқа  ұсыныстар  бар ма? Жоқ.

Дауыс  береміз.

"Ұсынысты  қолдағандар" - 4

"Қарсы" - 0

"Қалыс" - 0

 Көпшіліктің  дауыс берумен  қабылданды.

         Төраға: Күн  тәртібінің  екінші  сұрағын  қарастырамыз. 2023 жылғы қаражаттың бос қалдықтарын жіберу жөніндегі ұсынысты қарау.

 

         Сөз Каменка  ауылының   әкіміне  беріледі.

         Ауыл әкімі: 574,2 мың теңге көлемінде ақша қаражатының қалдығын көше жарықтандыру желісін монтаждауға пайдалану туралы ұсыныс енгіземін.

        Төраға: қандай ұсыныстар болады?

        Ритгамер О. В.: Мен бұл ұсынысты қолдауды ұсынамын.

Дауыс  береміз.

"Ұсынысты  қолдағандар" - 4

"Қарсы" - 0

"Қалыс" - 0

 Көпшіліктің  дауыс берумен  қабылданды.

 

       Төраға: Күн  тәртібінің  үшінші ағымдағы сұрағына  көшеміз. Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің құрамынан Гузовский Виктор Брониславович денсаулығына байланысты шығарылды.

Игнатович Елена Владиславовнаны жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелеріне сайлау туралы ұсыныс түсті.

Басқа ұсыныстар бола ма?

Жоқ.

Дауыс  береміз.

"Ұсынысты  қолдағандар" - 4

"Қарсы" - 0

"Қалыс" - 0

 Көпшіліктің  дауыс берумен  қабылданды.

 

Жергілікті   қоғамдастық  жиналысының  шешімі:

      1.2023 жылғы 2 жартыжылдықта жергілікті маңызы бар мәселелерді және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп қабылдансын.

      2.Көше жарықтандыру желісін монтаждауға 574,2 мың теңге көлемінде қаражаттың бос қалдықтары бөлінсін.

      3.Игнатович Елена Владиславовнаны жергілікті қоғамдастық мүшелігіне сайлау.

  1. Осы шешім аудан әкімдігіне жіберілсін.

        3.Осы  жергілікті   қауымдастық  жиналысының шешімін  аудандық  әкімшіліке жіберу. 

 

Жергілікті   қауымдастық  төрағасы                                 А.Глотов

 

                                              Хатшы                                     Т.Масовец

 

Дата публикации
08 февраля 2024