GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Все материалы
Халықпен жұмыс
03 марта 2026
Республикалық референдум

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялап, оның мақсаты саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы үдерісіне оң ықпал ету екенін атап өтті.

8 қазанда Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар фракцияларының өкілдері кірді.

Сонымен қатар, азаматтар да e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдап, талқылауға белсенді қатысты.

Бірнеше ай бойы қоғамда жаңа реформаға қатысты қызу пікірталас жүрді. Осы кезең аралығында Жұмыс тобы азаматтар мен сарапшылардан түскен 2 мыңнан аса ұсынысты жан-жақты қарастырып, жүйеледі.

2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент реформасына қатысты азаматтардан түскен ұсыныстарды қорытындылап, алдағы өзгерістердің жалпы тұжырымдамасын ұсынды.

Президент бастапқыда түзетулер Ата заңның шамамен 40 бабына қатысты болады деп жоспарланғанын атап өтті. Алайда қоғамдық талқылаулар барысында өзгерістер ауқымының әлдеқайда кең екені, олардың Конституцияның өзге де бөлімдері мен көптеген баптарын қамтитыны айқындалды.

Сондықтан 2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына жалпы саны 130 адамды құрайтын Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшы және ғылыми қауымдастық өкілдері кірді. Комиссия құрамында Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлері толықтай қамтылды.

Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова басшылық етті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағаның орынбасарлары болды.

Жұмыс барысында Комиссия мүшелері еліміздің азаматтары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, саясаттанушылар және басқа да сарапшылар жолдаған ұсыныстарды Ата Заңға енгізу мәселелері бойынша егжей-тегжейлі қарастырды.

Еліміздің конституциялық дамуы тарихында алғаш рет осындай ауқымды жұмыс толық ашық форматта жүргізілді: Комиссияның барлық отырыстары интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп, қоғамдық бақылау мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етті. Конституциялық комиссия жұмысының жариялылығы мен ашықтығы жаңа Конституция жобасының аралық нұсқасын барлық халыққа таныстыру арқылы да айқын көрінді.

Қоғамдық талқылау аясында Комиссияға eGov және e-Otinish порталдары арқылы азаматтардан шамамен 10 мың пікір мен ұсыныс түсті. Осындай ауқымды азаматтық қатысу жаңа Конституцияға шын мәнінде халықтық сипат берді.

Сонымен қатар, түрлі саяси және қоғамдық алаңдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ашық талқылаулар өтті.

Барлық бастамалар мен азаматтардың мазмұнды ұсыныстары жүйелі түрде қаралып, талданды. Олар Ата Заңның соңғы мәтінінде тікелей көрініс тапты. Ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасына қосымша баптар, редакциялық және стилистикалық түзетулер енгізді.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы ашық қоғамдық талқылаулардың, азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және сарапшылық қауымдастық ұсыныстарын жан-жақты талдаудың нәтижесінде пайда болды. Жаңа Конституция мәтіні Қазақстан мемлекеттігінің жетілгенін, елдің халықаралық беделін және прогрессивті даму стратегиялық бағытын көрсетеді. Сонымен бірге, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында маңызды рөл атқарған қолданыстағы Ата Заңмен сабақтастықты сақтайды.

Жалпы алғанда, жаңа Конституцияның мазмұны адамға бағдарланған. Ол заманауи қоғамдық құндылықтарды, мемлекеттік қағидаттарды көрсетеді және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Конституция мәтінінің негізгі ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуінде. Атап айтқанда, адамның құқықтары мен бостандықтары тек жаңа Преамбулада ғана емес, сонымен бірге толықтай Конституцияның маңызды басымдықтары мен мәндік тірегіне айналды.

Преамбулада бірлік, татулық және этносаралық келісім мемлекеттіліктің негізі ретінде бекітілген.

Негізгі мызғымас құндылықтарға Қазақстанның Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығы жатады.

Конституциялық деңгейде Әділетті Қазақстан идеясы, Заң мен Тәртіп қағидаты, табиғатқа қамқорлық көрсету қажеттілігі, сондай-ақ жаңа Конституцияда биліктің бірден-бір бастауы және Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені бекітілді.

Жаңа Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді. Сондай-ақ, адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бап енгізілді.

Адам капиталының, білім, ғылым, мәдениет пен инновацияның дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бұл – мемлекет болашағының минералдық ресурстар мен табиғи байлықтарға емес, адам капиталы мен азаматтардың жетістіктеріне байланысты екенін көрсететін шешуші бағыт.

Дін мен мемлекеттің рөлі айқын бөлінген. Білім беру және тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты бекітілген.

Неке ерікті және тең құқықты ер мен әйелдің одағы екені туралы норма енгізілген. Бұл дәстүрлі құндылықтарды қорғауды күшейтіп, әйелдердің құқықтарын жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етеді.

Конституциялық деңгейде ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау негізгі қағидаттардың бірі ретінде бекітілді.

Жаңа Конституция жобасының негізгі жаңалықтарының бірі 145 депутаттан тұратын, жаңа әрі кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру. Оның құрамы пропорционалды сайлау жүйесі бойынша құрылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатты дамытуына ықпал етіп, олардың институционалдық рөлін күшейтеді және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Жобадағы жаңалықтардың бірі – Вице-Президент институтын және жаңа ұлттық диалог алаңы – Қазақстан Халық Кеңесін құру.

Жалпы, жаңа Конституцияның ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау процесінің аяқталуын және мүлдем жаңа конституциялық үлгіге көшуді көздейді.

Жаңа Ата заң жобасы тек заманауи қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын көрсетіп қана қоймай, еліміздің алдағы ілгері дамуы үшін ұзақ мерзімді негіздерін қалайды.

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі шешімді еліміздің азаматтары 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумда қабылдайтын болады.

Халықпен жұмыс
09 декабря 2025
Құқық кабинеті

Құқық кабинеті

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "Астрахан ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - сінде "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

 

Халықпен жұмыс
04 сентября 2024
Республикалық референдум

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

Атом энергетикасы және атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.

Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызметтер
18 июня 2024
Әкімшілік кедергінің жойылуы 22 қызмет алушыға көмектесті

Әкімшілік кедергінің жойылуы

22 қызмет алушыға көмектесті

 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізу барысында оларға мемлекеттік қызметтерді алуда қиындық келтірген әкімшілік кедергілерді анықтады.

Мәселен, «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметі жалға алынған жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша игерген және оны жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін төлемақының базалық ставкалары бойынша сатып алғысы келетін кәсіпкерлер арасында ерекше сұранысқа ие.

Алайда, Целиноград ауданы мен Қосшы қаласында әкімшілік-аумақтық өзгерістер барысында жергілікті өкілді органның тиісті шешімі болмаған, осыған байланысты Мемлекеттік корпорацияның жергілікті бөлімдері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр болды.

Бұл мән-жайлар өз қызметін дамытуды жоспарлаған, банктерден несие алуға, жер учаскелеріне жеке меншік құқығын ресімдеуге ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергі болды.

Атап өтетін жайт, Қазақстан Республикасы азаматтарының жер учаскелеріне жеке меншікті мемлекеттен сатып алуы, өтініш берушілердің құқықтарын іске асырумен қатар, жергілікті бюджетті айтарлықтай толықтырады.

Осыған байланысты Департамент Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына өтініш берушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ақпараттық хат енгізіп, Қосшы қаласы бойынша базалық ставкаларды бекіту қажеттігі туралы мемлекеттік органдарды хабардар етті.

Нәтижесінде Мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша жергілікті мәслихаттар бағалау аймақтарының шекараларын және Қосшы қаласында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіткеннен кейін 22 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер
11 февраля 2024
Онлайн - сауалнама

Көрсетілетін қызметті алушының ауылдық округте көрсетілетін қызметтерді алу сапасы бойынша онлайн сауалнамадан өту мүмкіндігі туралы.

11 февраля 2024
Жолдарды қардан тазарту

Ауылдық округте елді мекендердің жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Instagram сілтемесі

https://www.instagram.com/p/C3HOT8ctE7s/?igsh=MXA0NXUzZGU4bnFlaQ==

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы