Есіл ауылдық округінің азаматтық бюджеті 04 қазандағы 2025 жылы арнайы көрсетілген
1.бөлім. Бюджетті жоспарлау және бекіту
1.1.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 04 желтоқсандағы № 141-VIII Заңымен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатылды:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 32360 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 62771 теңге;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңге;
5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46228 теңге.
1.2. Есіл ауылдық округі бюджеттінің түсімдері мен шығыстары
Ауылдық округ бюджеті «2025-2027 жылдарға арналған Есіл ауылдық округінің бюджеті туралы» Астрахан аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 8С-31-4 шешімімен бекітілді.
Түсімдер
2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 35204,0 мың теңге көлемінде бекітілген, оның 22144,0 мың теңге трансферттердің тиесілі.
Кестеде 2025-2027 жылдарға арналған түсімдердің көлемі келтірілген.
мың теңге
|
Түсімдер |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Барлығы |
35205,0 |
35746,0 |
36285,0 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
13060,0 |
14829,0 |
16993,0 |
|
табыс салығы |
3350,0 |
4355,0 |
5662,0 |
|
меншікке салынатын салықтар |
9357,0 |
10121,0 |
10978,0 |
|
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар |
353,0 |
353,0 |
353,0 |
|
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: |
|
|
|
|
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер |
|
|
|
|
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
|
|
|
|
басқа да салықтық емес түсімдер |
|
|
|
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
|
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
22145,0 |
20917,0 |
19292,0 |
|
субвенция |
22080,0 |
20917,0 |
19292,0 |
Есіл ауылдық округі бюджеттінің шығыстары
2025-2027 жылдардағы бюджеттік шығыстар саясатының негізгі басымдықтары мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, сонымен бірге аудан экономикасын дамытудың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік саланы дамытуға арналған шығындардың негізгі үлесін көздейтін шығыстардың әлеуметтік доминанты сақталғанын атап өткен жөн.
мың теңге
|
Түсімдер |
2025 жыл
|
2026 жыл |
2027 жыл
|
|
Барлығы |
35204,0 |
36285,0 |
36285,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде |
33488,1 |
33814,0 |
34212,0 |
|
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
33488,1 |
33814,0 |
34212,0 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
200,0 |
|
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде |
1680,6 |
1020,0 |
1102,0 |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
953,0 |
1020,0 |
1102,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
|
|
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
727,6 |
|
|
|
Көлік және коммуникация, оның ішінде |
1684,0 |
912,0 |
971,1 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
1684,0 |
9120 |
971,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
|
|
|
1.3. Есіл ауылдық округінің бюджет тапшылығы (профициті) – 1647,6 мың теңгені құрайды.