Есіл ауылдық округінің азаматтық бюджеті 18 тамыздағы 2026 жылы арнайы көрсетілген

Есіл ауылдық округінің азаматтық бюджеті 18 тамыздағы 2026 жылы арнайы көрсетілген

 

                   1.бөлім.  Бюджетті жоспарлау және бекіту

 

1.1.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 239-VIII Заңымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатылды:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 35596 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69049 теңге;

4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 4 325 теңге;

5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 50851 теңге.

 

1.2. Есіл ауылдық округі бюджеттінің түсімдері мен шығыстары

Ауылдық округ  бюджеті «2026-2028 жылдарға арналған Есіл ауылдық округінің  бюджеті туралы» Астрахан аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы  № 8С-46-3 шешімімен бекітілді.

 

Түсімдер

2026 жылға арналған  ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 37525,0 мың теңге көлемінде бекітілген, оның 20982,0 мың теңге трансферттердің тиесілі.

Кестеде 2026-2028 жылдарға арналған түсімдердің көлемі келтірілген.

                                                                          мың теңге

Түсімдер

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Барлығы

37525,0

37925,0

37784,0

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

16043,0

    18527,0

20688,0

табыс салығы

6309,9

12227,0

13757,0

меншікке салынатын салықтар

9352,1

5881,0

6470,0

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

381,0

419,0

461,1

Салықтық емес түсімдер, оның ішінде:

 

 

 

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

 

 

 

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

 

 

 

басқа да салықтық емес түсімдер

 

 

 

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

500,0

550,0

605,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

20982,0

18848,0

16491,0

субвенция

20982,0

18848,0

16491,0

 

Есіл ауылдық округі бюджеттінің  шығыстары

 

2026-2028 жылдардағы бюджеттік шығыстар саясатының негізгі басымдықтары мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, сонымен бірге аудан экономикасын дамытудың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік саланы дамытуға арналған шығындардың негізгі үлесін көздейтін шығыстардың әлеуметтік доминанты сақталғанын атап өткен жөн.

 

                                                                                                  мың теңге

Түсімдер

 

2026 жыл

 

2027 жыл

 

2028 жыл

 

Барлығы

43977,7

37925,0

37784,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде

 

 

 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

36039,7

34585,0

34213,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде

4322,0

1640,0

1752,0

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2660,0

1092,0

1165,0

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

 

 

 

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1662,0

548,0

587,0

Көлік және коммуникация, оның ішінде

3616,0

1700,0

1819,0

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

3616,0

1700,0

1819,0

 

1.3. Есіл  ауылдық округінің  бюджет тапшылығы (профициті) – 5397,7 мың теңгені құрайды.

 

 

Есіл ауылдық округінің азаматтық бюджеті 18 тамыздағы 2026 жылы арнайы көрсетілген
Дата публикации
23 сентября 2026