GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Әлеуметтік қорғау
22 октября 2026
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

 

 

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме?

📞 Жедел желіге хабарласыңыздар!

☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы.

☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығы.

☎️ 8 (7162) 25-11-42 — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 90-10-21 — Ақмола облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) АҚ, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 29-86-45 — Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Қалалық және аудандық бөлімдердің байланыс телефондары
Қалалар

  • Қоқшетау қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7162) 29-78-24.

  • Степногорск қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (71645) 5-97-18.

  • Қосшы қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7172) 60-77-92.

Ақмола облысының аудандары
• Ақкөл ауданы —
☎️ 8 (71638) 5-51-02 (ЖҚәӘББ).
• Аршалы ауданы —
☎️ 8 (71644) 2-22-12 (ЖҚәӘББ).
• Атбасар ауданы —
☎️ 8 (71643) 5-61-42 (ЖҚәӘББ).
• Астрахан ауданы —
☎️ 8 (71641) 2-20-30 (ЖҚәӘББ).
• Бұланды ауданы —
☎️ 8 (71646) 2-26-58 (ЖҚәӘББ).
• Бурабай ауданы —
☎️ 8 (71636) 4-29-11 (ЖҚәӘББ).
• Біржан сал ауданы —
☎️ 8 (71639) 2-21-29 (ЖҚәӘББ).
• Есіл ауданы —
☎️ 8 (71647) 2-17-69 (ЖҚәӘББ).
• Егіндікөл ауданы —
☎️ 8 (71642) 2-11-31 (ЖҚәӘББ).
• Ерейментау ауданы —
☎️ 8 (71633) 2-19-64 (ЖҚәӘББ).
• Жақсы ауданы —
☎️ 8 (71635) 2-16-02 (ЖҚәӘББ).
• Жарқайың ауданы —
☎️ 8 (71648) 9-23-08 (ЖҚәӘББ).
• Зеренді ауданы —
☎️ 8 (71632) 2-11-71 (ЖҚәӘББ).
• Қорғалжын ауданы —
☎️ 8 (71637) 2-23-99 (ЖҚәӘББ).
• Сандықтау ауданы —
☎️ 8 (71640) 9-17-27 (ЖҚәӘББ).
• Целиноград ауданы —
☎️ 8 (71651) 3-04-80 (ЖҚәӘББ).
• Шортанды ауданы —
☎️ 8 (71631) 2-00-11 (ЖҚәӘББ).

 

🤝 Құрметті тұрғындар! Мамандар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге, қажетті түсіндірмелерді ұсынуға және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу тәртібіне, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы мәселелеріне қатысты көмектесуге дайын.

 

Мемлекеттік қызметтер
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік қызметтер
05 октября 2026
Бірыңғай электрондық кезек талондарын еліміз бойынша брондау

Бірыңғай электрондық кезекталондарынелімізбойыншаброндау

Цифрландыружылыаясында «Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясымемлекеттікқызметтердіалусапасы мен қолайлылығынарттыруғабағытталғанцифрлықшешімдердіенгізудіжалғастыруда.

Бірыңғайэлектрондықкезекталондарынброндаубойыншапилоттықжоба 2025 жылдыңқыркүйегіндеіскеқосылып, республика бойынша ХҚКО бөлімдеріндекезең-кезеңімененгізілді. Қазіргіуақыттапилоттықжобаныңкезектікезеңібасталып,олқосымша 5 ХҚКО бөлімінқамтиды. Олардыңқатарында- Абай облысыМақаншыауданының, АқмолаоблысыШортандыжәнеЖақсыаудандарының, Атырау облысы Исатай ауданының, сондай-ақ Жамбыл облысыМойынқұмауданыныңбөлімдері бар. Жаңабөлімдердіесепкеалғанда, ҚР бойыншапилоттықжобақатысушыларыныңжалпы саны 39 фронт-офистіқұрайды.

Жаңа жоба шеңберінде азаматтар ХҚКО бөлімдерінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондауы қажет. Брондау барысында өтініш беруші өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдай алады. Қызмет көрсету орталығына келіп, талон алубарысында жүйе өтініш берушінің жеңілдік санатына жататынын автоматты түрде анықтап, оған қызмет көрсетуде басымдық береді.

Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзін-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы, сондай-ақ құжаттандыру желісі бойынша қызметтер бұрынғы тәртіппен, талонды алдын ала брондаусыз жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жаңа бөлімдерді қосу арқылы пилоттық жобаны кеңейтудің соңғы кезеңі жүзеге асырылады. Пилоттық жоба жаңа сервистің азаматтар үшін қолайлылығын және оның практикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.

AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.

Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.

Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

Мемлекеттік қызметтер
30 сентября 2026
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық  ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

Әлеуметтік қамсыздандыру
24 сентября 2026
«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың

жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

 

2026 жылғы қыркүйектің 23 күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды.

Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша стратегиялар мен портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.

Осы өзгерістерге сәйкес салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Жаңа мүмкіндіктердің жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыруға бағытталғаны, бұл ретте ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен кірістілік тарихы бар ИПБ-ны таңдау мүмкіндігі берілетіні түсіндірілді.

Қатысушыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өз жинақтарының сенімгерлік басқаруға берілетін көлемін өз бетінше айқындай алатыны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны, бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдай алатыны айтылды.

БЖЗҚ мамандары салымшыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасымен де таныстырды. Платформа кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы деректерді динамикада салыстыруға, барлық сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ) басқаруындағы портфельдер бойынша түрлі көрсеткіштерді салыстырып, зерделеуге мүмкіндік береді. Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүдделерін ескере отырып басқарушы мен оның инвестициялау стратегияларын өз бетінше таңдай алады.

Сондай-ақ ИПБ басқаруына берілген зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктеріне қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары жаңашылдықты енгізу талаптарын түсіндіріп қана қоймай, ИПБ-ны қалай дұрыс таңдау және зейнетақы жинақтарын қалай аудару керектігін айтып, қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің отандық зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да сұрақтарына жауап берді.

«Ашық есік күніне» қатысушылардың пікірінше, кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қызу пікірталастармен ерекшеленді. «БЖЗҚ» АҚ өкілдері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістердің барлық ерекшеліктерін түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Әдеп жөніндегі уәкілі
23 сентября 2026
Адалдық мәдениетін қалыптастыру

Адалдық мәдениетін қалыптастыру

Басшының этикасы

Мемлекеттік қызметтегі басшының этикасы мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша орын алады. Себебі қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімі көп жағдайда басшының адамгершілік ұстанымдары мен кәсіби мінез-құлқына байланысты. Мемлекеттік қызметші-басшы тек білікті басқарушы ғана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, қарамағындағы қызметкерлерге және азаматтарға үлгі болатын тұлға. Оның қабылдаған шешімдері мен жасаған әрекеттері қоғам өміріне елеулі әсер ететіндіктен, олар жоғары адамгершілік қағидаттарға негізделуі тиіс.

Басшы этикасының басты қағидаттарының бірі – қоғам мүддесіне адал қызмет ету. Басшы мүдделер қақтығысына жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және өзінің қызметтік өкілеттіктерін жеке басының пайдасына пайдаланбауға тиіс. Адалдық, парасаттылық және әділдік – басшының жеке басына тән қасиеттер ғана емес, мемлекеттік қызметтегі кәсіби ұстанымның маңызды негіздері. Бұл қағидаттар сақталмайынша, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін қалыптастыру қиын.

Басшы этикасындағы маңызды қағидаттардың бірі – әділдік. Мемлекеттік қызметтегі басшы шешім қабылдаған кезде заң талаптарын және барлық азаматтар мен қызметкерлерге тең көзқарасты басшылыққа алуы қажет. Бұл ретте адамның әлеуметтік жағдайы, жеке қарым-қатынасы немесе саяси көзқарасы шешім қабылдауға әсер етпеуі тиіс. Міндеттерді, көтермелеу шараларын және жауапкершілікті әділ бөлу ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттырады.

Басшының этикасы адамның қадір-қасиетін құрметтеуден де көрінеді. Қарамағындағы қызметкерлермен, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынас барысында басшы әдеп нормаларын, сыпайылықты, сабырлылықты және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін сақтауы керек. Өктемшіл басқару тәсілі, қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендету немесе олардың пікіріне немқұрайлы қарау ұжымдағы өзара сенімге кері әсер етіп, қызметкерлердің ынтасын төмендетеді. Ал ашық пікір алмасуға дайын болу, өзгелерді тыңдай білу және қажет болған жағдайда өз қателігін мойындай алу басшының беделін арттырып, ұжымдық жұмыстың тиімділігін күшейтеді.

Басшы этикасында қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік ерекше маңызды. Мемлекеттік қызметтегі басшы өз шешімдері мен әрекеттерінің салдарын қарамағындағы қызметкерлерге немесе сыртқы жағдайларға ысыра салмауы тиіс. Жауапкершілікті сезіну – кәсіби басқарудың ажырамас бөлігі.

Сонымен қатар басшының жеке үлгісі де үлкен рөл атқарады. Оның заңға, еңбек тәртібіне, қызметтік міндеттеріне және адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне деген көзқарасы бүкіл ұжымға әсер етеді. Басшының күнделікті іс-әрекеті қызметкерлер үшін мінез-құлықтың нақты үлгісіне айналады. Сондықтан басшы өзінен өзгелерге талап ететін кәсіби және этикалық нормаларды ең алдымен өзі сақтауы қажет.

Осылайша, мемлекеттік қызметтегі басшының этикасы – тиімді әрі жауапты мемлекеттік басқарудың маңызды негіздерінің бірі. Ол адалдық, әділдік, жауапкершілік, адамды құрметтеу және қоғам игілігіне қызмет ету сияқты құндылықтарды біріктіреді. Қазіргі қоғам жағдайында мемлекеттік басшының адамгершілік ұстанымы мен кәсіби мінез-құлқы азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тұрақты әрі тиімді дамуына елеулі ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтер
23 сентября 2026
Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды

Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды

Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және цифрлық сервистерді пайдалануға арналған еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Кеңістік мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың қолайлылығы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жасақталған.

AI-кеңседе жедел қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтарымен қоса демалуға арналған арнайы орын қарастырылған. Кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған.

Жаңа кеңсенің басты жаңашылдықтарының бірі - құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты өз бетінше бірнеше минуттың ішінде рәсімдей алады.

«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Біз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында қызметтерді автоматтандырып, азаматтарға барынша қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға басымдық беріп келеміз. AI-кеңселер - осы бағыттағы нақты қадам», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Мұнда цифрлық сервистермен қатар, азаматтар цифрлық дағдыларын жетілдіріп, электрондық сервистерді пайдалануды тегін үйретуге арналған арнайы оқыту аймақтары да қарастырылған.

Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта заманауи цифрлық кеңселер желісін еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік қамсыздандыру
21 сентября 2026
Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

 

2026 жылғы 23 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

Өткізілетін мекенжайы: Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Мәдени – демалыс орталығы.

Кездесу барысында Сіз:

  • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
  • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
  • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
  • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
  • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Әлеуметтік қамсыздандыру
21 сентября 2026
Баспасөз аңдатпасы

Баспасөз аңдатпасы

 

2026 жылғы қыркүйектің 23 күні сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

 Өткізілетін мекенжайы: Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Мәдени – демалыс орталығы.

 

Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы».

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарының бүкіл көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі туралы айтып, осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын БЖЗҚ-ның инвестициялық порталы — invest.enpf.kz туралы түсіндіреді.

Негізгі күн тәртібінен бөлек, іс-шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.

 

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күніне» шақырады!

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы