БIШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат — Қырғызстан Дүниежүзiлiк банктiң қаражатына COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцина сатып алмақ. Бұл туралы «Биринчи радио» эфирiнде Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Алымкадыр Бейшеналиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттiгiне сiлтеме жасап. «Бiз кеше Дүниежүзiлiк банкпен және донорлармен онлайн-конференция өткiздiк. Оның нәтижесiнде келiсiмге қол қойылды. Дүниежүзiлiк банк бiзге коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу үшiн 20 млн доллар бөледi. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы растаған препараттар iшiнде вакцинаны өзiмiз таңдаймыз. Онда «Sputnik V» ресейлiк вакцинасы жоқ, алайда тiзiмде қытайлық «Синофарм» вакцинасы бар, бiз соны сатып аламыз», — дедi министр.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyrgyzstan-20-mln-dollarga-kytaylyk-sinopharm-vakcinasyn-satyp-almak_a3786948