Қазақстандықтар коронавирустық инфекция және пневмония кезiнде медициналық көмектi Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесiне қарамастан тегiн алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша iс-шараларды қаржыландыруға 71,6 млрд теңге бағыттады. ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов осындай мәлiметтердi жария еттi.
«Қазақстандықтар үшiн медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебiнен инфекцияның таралуының алдын алу үшiн өте маңызды болып табылатын ПТР-зерттеулерге қолжетiмдiлiк қаншалықты артқанын атап өткiм келедi. Егер өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргiзiлсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Мобильдi бригадалардың шығуларына келетiн болсақ, бiз де айтарлықтай өсу динамикасын көрiп отырмыз. Өткен жылы Қор 550 мың мобильдi бригаданың шығуын қаржыландырды, биыл тек бiрiншi тоқсанда коронавирус белгiлерi бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды», — дедi Б.Төкежанов өз сөзiнде.
1 тоқсанның қорытындыларына тоқталған Қор басшысы ковидтiк бюджеттiң негiзгi сомасы коронавируспен күресте жұмыс iстейтiн медицина қызметкерлерiнiң жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылғанына назар аударды.
Болат Төкежановтың мәлiметiнше, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкерi 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкерi 13,8 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгенi құрайды. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбiр санаттағы дәрiгерлердiң жалақысы 1 млн теңгеге жеттi.