НҰСҚАУЛЫҚ
«Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын 15 мамырдан кешiктiрiлмей жарияланады және қыркүйек айында Отбасы күнiне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткiзудiң мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершiлiктi, руханиятты нығайту, жауапты ерлi-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегi жауапкершiлiгiн арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабiлетсiз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәрiптеу, және кеңiнен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджiн насихаттау.
Конкурсқа отбасылар өзiн-өзi ұсыну жолымен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Ұйымдастырушылар:Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар.
Жергiлiктi атқарушы органдар облыстарда, қалаларда, аудандарда мүдделi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлерi мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан конкурстың жеңiмпаздарын анықтау бойынша комиссия (бұдан әрi — комиссия) құрады, сондай-ақ ол туралы ереженi, iрiктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткiзу форматын бекiтедi.
Комиссияның құрамы, ол туралы ереже, iрiктеу өлшемшарттары тиiстi аумақтық бiрлiктiң әкiмiнiң өкiмiмен бекiтiледi.
Тиiстi аумақтық бiрлiктiң әкiмдерi комиссия төрағасы болады.
Конкурсты өткiзу форматы өңiрдiң эпидемиологиялық жағдайына байланысты анықталады (онлайн, оффлайн немесе гибридтi форматта).
Конкурс екi кезеңде өткiзiледi. Бiрiншi кезең — аудандық (қалалық), екiншi — облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
Бiрiншi кезең
Конкурсқа қатысуға өтiнiм Үкiметтiң 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекiтiлген қағидаларына қоса берiлген нысан бойынша әкiмдiктердiң аудандық (қалалық) комиссияларға 15 мамыр мен 15 маусым аралықтарында берiледi.
Материалдарды қарағаннан кейiн аудандық (қалалық) комиссия жеңiмпаздарды айқындау үшiн 15 маусым — 30 маусым аралығында отырыс өткiзедi және хаттамалық шешiммен 2 отбасын айқындайды.
Аудандық (қалалық) конкурстан жеңiмпаз атанған 2 отбасының конкурстық құжаттары 1 шiлдеге дейiн облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияларға жiберiледi.
Екiншi кезең
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) конкурстан жеңiмпаз атанған отбасылардың құжаттарын 1 шiлде — 15 шiлде аралығында қарап, хаттамалық шешiмменжеңiмпаз 1 отбасын айқындайды.
Жеңiмпаз отбасының конкурстық құжаттары 16 шiлдеге дейiн Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiне жiберiледi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) кезең қатысушыларын марапаттау рәсiмi өткiзiледi.
Жеңiмпаз атанған отбасының облыс (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)басшылығыменжеке кездесуi ұйымдастырылады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi 19 шiлде — 30 шiлде аралығында жеңiмпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклiн дайындау үшiн материалдарды телеарнаға жiбередi.
30 шiлде — 15 тамыз аралығында телеарна өкiлдерiнiң өңiрлеге баруы ұйымдастырылады. Жергiлiктi атқарушы органдаросы уақыт аралығында жеңiмпаз отбасылар туралы телесюжеттердi түсiругеықпал етуi және тиiстi жұмыстар жүргiзуiқажет.
16 тамыз — 10 қыркүйек аралығындажеңiмпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклiтелеарнадан көрсетiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдаржеңiмпаз отбасылардыңқыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласына барып-келу логистикасын, тұруын және iлесiп көмек көрсетуiн қамтамасыз етедi.
Нұр-Сұлтан қаласының әкiмдiгi конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсiмiн ұйымдастыру бойынша жәрдем көрсетедi, оның iшiнде астананың көрiктi жерлерiне жеңiмпаздар үшiн экскурсия ұйымдастырады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айында Отбасы күнi қарсаңында конкурс лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсiмiн өткiзедi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешiмдерi негiзiнде жеңiмпаз отбасыларға «Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы берiледi.
_______________________
Ұйымдастыру жұмыстары жөнiнде қосымша сұрақтар бойынша Ақмола облысының iшкi iстер басқармасының Жастар және отбасы бөлiмiнiң бас маманы Гүлназ Тұрашқызына хабарласу қажет: ж.тел.: 8/716-2/40-12-31, ұ.б.тел.: 8702-180-78-45, эл/п.: zhastar_akmo@mail.ru