Бельгияда вакцинация қарқын алды: Билiк карантин талаптарын жұмсартты

Бельгияда вакцинация қарқын алды: Билiк карантин талаптарын жұмсартты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат — Бельгияда сағат 22:00-ден 06:00-ге дейiн белгiленген федералды коменданттық сағат тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншiктi тiлшiсi.

Бельгия тұрғындарының жүрiп-тұруын шектеу шаралары 2020 жылғы қазан айында коронавирус пандемиясының «екiншi толқыны» кезеңiнде енгiзiлген болатын. Бельгияда вакцинация қарқыны артуына байланысты ел билiгi карантин шараларын бiртiндеп жұмсартады. Фландрия мен Валлонияда азаматтардың жүрiп-тұруына қойылған шектеу шарасы 7 мамырда түн ортасында, яғни бiр тәулiкке ерте аяқталды. Ел астанасы Брюссель аймағындағы коменданттық сағат 8 мамырда бiтедi. Сондай-ақ, Бельгия астанасында кешкi сағат 22:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейiн iшiмдiк iшуге тыйым салынады. Алайда 8 мамырдан бастап жергiлiктi кафелер мен мейрамханалардағы «жазғы террасалардың» жұмысына рұқсат етiлдi. Олар келушiлердi тек ашық ауада қабылдай алады. Автор: Арнұр Рахымбеков

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bel-giyada-vakcinaciya-karkyn-aldy-bilik-karantin-talaptaryn-zhumsartty_a3785445