НҰР-СҰЛТАН. БЕЛТА-ҚазАқпарат — Беларусь Президентi Александр Лукашенко журналистердiң сұрағына жауап берген кезде елде коронавирусқа қарсы вакцина шығарылғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат БЕЛТА ақпарат агенттiгiне сiлтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Беларусьтiң өз вакцинасын шығару ниетi туралы мәлiмдеген кезде бұл бастаманы сынағандар болғанын еске салды. «Кеше бiз Беларусь вакцинасын түтiкке салдық. Бұл қазiргi сатып алып жүрген вакцинаға қарағанда жақсы, әрi өзгеше. Дәрiгерлер айтқандай, бұл — тiрi вакцина», — дедi Беларусь президентi. Ол бұл вирус өзгерiске ұшырағанда қалай болатынын көру керектiгiн, асығыстық жоқ екенiн айтты. Александр Лукашенко қазiргi вакциналарда болашақта вирустың жаңа мутацияларына қарсы көмегi зор екенiне кепiлдiк жоқтығына назар аударды. «Қазiргi уақытта елiмiзде қолданылып жатқан вакциналар бар. Бiз ресейлiк технологиямен жасалған қытай вакцинасын сатып алдық. Ал ертең түтiкте тұрған вакцинамызды өзiмiзде болатын штамға бейiмдеймiз. Қалай болатынын уақыт көрсетедi», — дейдi ол.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/belarus-koronaviruska-karsy-oz-vakcinasyn-zhasap-shygardy_a3785523