Шешім азаматтарды жергілікті өмір проблемаларын шешуге тарту, халықтың күнделікті қажеттіліктерін нәтижелі қанағаттандыру, мемлекеттік және жергілікті мүдделердің, яғни жергілікті қоғамдастықтар мүшелерінің ұжымдық мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, заңнамалық ережелерді қатаң сақтау мақсатында қабылданды, азаматтық келісім үшін берік негіз қалауға қабілетті.
Жобаның мәлімделген мақсаты: бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін айқындау.
«Аршалы ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы» шешім жобасының міндеті Аршалы ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу кезіндегі қызметті Қазақстан Республикасының құқықтық заңнамасы шеңберінде регламенттеу.
Шешімнің жобасы ашық НҚА интернет-порталында орналасқан:
Шешімнің жобасы 22.06.2022 жылғы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған:
Открытые НПА - admin (egov.kz)
Нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау мерзімі 07.07.2022 жылға дейін.
«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы және ақпараттық технологиялар бөлімі