Меню

Страницы

Статья

«Аршалы ауданы Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы ЕСЕБІ

Аршалы кенті                                                               2021 жылғы 25 ақпан

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

-көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

2020 жылы «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ алты мемлекеттік қызмет көрсетті: «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»– 85, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 21, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - - 29. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» - 1. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»-33.

2020 жылы кент әкімінің аппаратымен 6 қызмет түрі бойынша 169 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3) Сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Жүргізілген талдау негізінде 2020 жылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 85 және «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 33.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметі ХҚО арқылы, сондай-ақ Аршалы кенті әкімінің аппараты арқылы тегін негізде көрсетіледі «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - электрондық форматта Е-лицензиялау мемлекеттік базасы арқылы көрсетіледі, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі қағаз нысанда Аршалы кенті әкімінің аппараты арқылы көрсетіледі, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Е-лицензиялау мемлекеттік базасы арқылы электрондық форматта көрсетіледі.

«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» Аршалы кенті әкімінің аппараты арқылы не портал арқылы көрсетіледі, «Жер учаскесін алуға кезекке қою» Аршалы кенті әкімінің аппараты арқылы қағаз нысанда көрсетіледі.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Аршалы кенті әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында жалпыға қолжетімді орындарда Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы келушілерге арналған ақпарат орналастырылған стенд бар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Аршалы кенті әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және бекітілген стандарттар мен регламенттерге негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану мониторингі жүргізіледі, Аршалы кенті әкімі аппаратының мамандарымен Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократизм мен әуре-сарсаңға салуға жол берілмейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Аршалы кенті әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет алушылардан «Аршалы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) әділдік;

4) шынайылық;

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған деп есептейміз.

 

Аршалы кенті әкімдігінің

2020 жылғы

мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері жөніндегі

қызметінің есебіне

қосымша

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері

бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мазмұны

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган

Қаралған

уақыты

Шағымды қарау қорытындысы бойынша

Құжат №

Қабылданған шешім

Қабылдаған шешімді қайта қабылдау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Шағым түскен жоқ

-

-

-

-

-

-

Скачать отчет

 

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы