Меню

Страницы

Статья

Аршалы ауданы «Сараба ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Сараба ауылдық әкімі аппаратының есебіне "Сараба ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет көрсету- қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтердің саны: ауылдық округ әкімінің аппаратымен 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

- Қазақстан Республикасының 15 сәуір 2013 жылғы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24 бабының негізінде мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 4 ті құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 2 ; - электронды түрде - (ЭҮП Ақпараттық жүйелер) 2; - көрсетілетін қызметті беруші арқылы- 0 қызмет.

Сараба ауылдық округі әкімінің аппаратында "E-gov"өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 129 электрондық қызмет көрсетілді

.3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бұл: «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учасклеріне құқықтарды алу»-3 нәтижесі оң және 1 нәтижесі теріс, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Сараба ауылдық әкімі аппаратының стендінен, әкім аппаратының телефоны бойынша алуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде 1414.бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілікте талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органның әлеуметтік желілерінде түсіндіру материалдары тұрақты негізде жарияланып тұрады.

"Адал көмек" жобасы аясында Instagram ауданы әкімдігінің әлеуметтік желісінде ауылдық округ әкімі халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Әкім аппаратының қызметкерлері Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін шақыра отырып, ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде техникалық оқу өткізді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет алушылардан «Сараба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің көрсетілуі бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі - азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

 

 

Сараба ауылдық округі әкімінің аппараты

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері жөніндегі

қызметінің есебіне қосымша

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер Шағымның мәні Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қаралым күні шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер
1 2 3 4 5 6 7
- - - - - - -

 

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы