Меню

Страницы

Статья

Аршалы ауданы «Жібек жолы ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің 2020 жылға есебі

Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауылдық округтің көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтердің саны: ауылдық округ әкімдіктерімен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі.

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -1.

- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны- 5, оның ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қызметтердің саны -2.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 405 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 86; - электрондық түрде - 147 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-172 қызмет.

Ауылдық округ әкімі аппаратынан "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1079 электрондық қызмет көрсетілді.

3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; ); Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».

Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органның стенділерінен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz, аудан әкімдігінің Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін ауылдық округ әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 12 мақала жарияланды.

"Адал көмек" жобасы аясында Instagram әлеуметтік желісінде халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша 1 тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылы "Жібек жолы ауылдық округ әкімінің аппараты"ММ-не шағым тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің
2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі
қызметінің есебіне қосымша

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер Шағымның мәні Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарау күні шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер
1 2 3 4 5 6 7
- - - - - - -

скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы