Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке «Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- 7 қызмет ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 4 құрады: - электрондық түрде - 3 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-1 қызмет.
Арнасай ауылдық округ әкімі аппараттарында "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 8 электрондық қызмет көрсетілді.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; ); Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін «Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ стенділерінен алуға болады. Округ әкімінің сайтында www.gov.kz, аудан әкімдігінің Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті,мемлекттік қызмет жәрмеңкесі болды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Жергілікті атқарушы органдар - қызмет көрсетушілер қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді – қызметкер.Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін шақырумен өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы «Арнасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шағым тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
«Арнасай ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ
2020 жылғы мемлекеттік
қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі
қызметінің есебіне қосымша
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат
| Шағым беруші туралы мәліметтер | Шағымның мәні | Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) | Қарау күні | шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № | Қабылданған шешім | Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| -- | - | - | - | - | - | - |