Меню

Страницы

Статья

«Бiрсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң 2020 жылға есебi

1. Жалпы ережелер

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлер туралы мәлiметтер: Аршалы ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде. Есепке Бiрсуат ауылдық округiмен көрсеткен мемлекеттiк қызметтер туралы мәлiметтер енгiзiлген.

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет-көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша немесе өтiнiшiнсiз жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi;

- "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны 36.

- ЭҮП электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны 91.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны 127 құрады: — Мемлекеттiк корпорация арқылы — 11; — электрондық түрде — 2 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); — көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы-24 қызмет.

«Бiрсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ "E-gov"өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылды. Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары арқылы 90 электрондық қызмет көрсетiлдi.

3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер: Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу; елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру; жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты «Бiрсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ стендiлерiнен алуға болады. Аршалы ауданы әкiмiнiң сайтында www.gov.kz, аудан әкiмдiгiнiң Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттiк органдардың қызметi туралы есептер көпшiлiк талқылаулары үшiн аудан әкiмiнiң сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк желiлерiнде 64 мақала жарияланды.

"Адал көмек" жобасы аясында Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi Instagram әлеуметтiк желiсiнде халыққа қажеттi қызметтердi көрсету мәселелерiн түсiндiру бойынша 18 тiкелей эфир өткiздi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi көздейтiн Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне өзгерiс енгiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету үдерiсiн автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасымен бiрлесiп пилоттық режимде әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы әлеуметтiк салада мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша жоба iске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексiне Мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмдерiн қысқарту бойынша өзгерiстер енгiзiлдi.

2) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Жергiлiктi атқарушы органдар — қызмет көрсетушiлер қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша техникалық оқу өткiзiлдi — 1 қызметкер, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер — 1.

Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Ақмола облысы әкiмдiгiнiң iшкi бақылау қызметiнiң және ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң жауапты қызметкерлерiн шақырумен өткiзiлдi.

3) мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру болып табылады.

2020 жылдың 17 қазанында мемлекеттiк қызмет көрсетудi көздейтiн Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне өзгерiс енгiзiлдi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылы "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"ММ-не шағым тiркелмеген.

2) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi.

2020 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне бақылау iс-шаралары өткiзiлмедi.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткiштер бекiтiлдi, 2021 жылға арналған мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесi бойынша бақылау iс-шараларының жоспары бекiтiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бүгiнгi күнi мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiрудiң маңызды бағыты болып қала бередi: мемлекеттiк басқаруды жетiлдiрудiң нысаналы көрсеткiштерiнiң бiрi азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистiк мемлекет" моделiне көшу мiндетi бекiтiлген, онда мемлекеттiк басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесi үшiн қызмет көрсетедi, ал мемлекеттiк басқару сапасын негiзгi бағалаудың бiрi азаматтардың мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы