1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауданның жергілікті атқарушы органдары, Аршалы кенті және ауылдық округтер әкімдері, мектеп және мектепке дейінгі мекемелер көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтердің саны: ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 85 түрі көрсетіледі.
- 7 қызмет ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 37.
- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 68.
- 85 Мемлекеттік қызметтің 12-сі ақылы негізде көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын 85 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 9612 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 2341; - электрондық түрде - 4249 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-3022 қызмет.
Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдері аппараттарында "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету 13 бұрышы орнатылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 976 электрондық қызмет көрсетілді.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; ); Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың (8 жергілікті атқарушы орган, 13 округ және 47 білім беру ұйымы) стенділерінен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz, аудан әкімдігінің Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 64 мақала жарияланды.
"Адал көмек" жобасы аясында Мемлекеттік органдардың қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша 18 тікелей эфир өткізді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Жергілікті атқарушы органдар - қызмет көрсетушілер қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді – 102 қызметкер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер - 43, білім беру саласы-59 қызметкер (жоспарға 88,7%).
Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін шақырумен өткізілді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.
2020 жылдың 17 қазанында білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет бойынша, әлеуметтік салада 7 қызмет бойынша, ТКШ саласында 3 мемлекеттік қызмет бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ-не 1 шағым тіркелді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Ақмола облысы бойынша БМЖ департаментіне рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзу бойынша қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл салынды.
Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша ауданның 4 білім беру мекемесінде (Балалар музыка мектебі, Аршалы жас техниктер станциясы, "Светлячок" балабақшасы, "Светлячок" балабақшасы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәніне бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бұзушылықтар анықталған жерде:
2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары стендте орналастырылсын.
2020 жылғы 30 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мақала жариялансын.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Аршалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі
қызметінің есебіне қосымша
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Әбдіғалиев Қанат Бақытұлы |
"Egov" порталында неке туралы акт жазбасының болмауы |
- |
23.09.2020 |
28.09.2020 актілік жазба қалпына келтірілді |
- |
- |