Аршалы ауданының тiлдердi оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 16 қазанында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мемлекеттiк тiлдiң бiрыңғай стандартты әлiпбиi» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.Аталған iс-шараға мектеп директорлары, қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмдерi, кiтапханашылар және БАҚ өкiлдерi қатысты. «Мемлекеттiк тiлдiң бiрыңғай стандартты әлiпбиi» тақырыбындағы дөңгелек үстелдiң жұмысы барысында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығының ғылыми қызметкерi Қыдырханқызы Алмажан латын әлiпбиiне көшудiң ең басты қажеттiлiгi, қазақ тiлiндегi сөздердiң айтылуындағы өзгерiстер, ұтатын және ұтылатын тұстарына тоқталды.Iс-шара барысында педагогтар латын графикасы негiзiнде қазақ әлiпбиiнiң табиғи таза қалпын сақтауға мүмкiндiк беретiн қажетiлiктер туралы өз пiкiрлерiн ортаға салып, пiкiр-таласқа ұласқан дөңгелек үстелдiң жұмысы қорытындыланды.