Меню

Страницы

Статья

ЖЫЛАНТАС ТАСЫ

Аршалы ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мемлекет басшымыздың «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Қазақстанның сокральды географиясы» жобасын iске асыру аясында ауданның сокральды нысандары бойынша ауқымды кешендi зерттеу жүргiзiлiп, материалдар жинақталған.

Солардың бiрi, Аршалы кентi мен Михайлов ауылдық округi арасындағы жолда орналасқан табиғи ескерткiш Жылантас тасы.

Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округiне дейiнгi жол, бiрде биiк қыраттармен өрлеп, бiрде Есiл өзенiнiң жағалауына қарай құлдилай жөнеледi.

Бiраз жүрген соң, жолдың оң жағында шоқылардың төңiрегiне қаптап өскен, шатқалды бойлай созылып жатқан қайың бұталарды көресiз.

Төбелердiң бiрiнде жыланның басы көрiнiп тұрғандай керемет гранит тас бар.

Жыланның басы немесе Жылантас бұл жерге келушiлердi аңыздарымен, ертегiлерiмен және әңгiмелерiмен қызықтырады.

Жылантас тасынан алыс емес шоқы етегiнде тас жылғадан мөлдiр суымен танымал, дәмдi және пайдалы бұлақ ағады. Көптi көрген адамдар бұл суды iшсең, жан-тәнiне рақат әкелетiнiн айтады.

Аңыз бойынша, ежелгi уақытта осы жерге атпен жас сұлу келедi. Мұнда ол жас батырмен кездеседi.

Жаулармен жекпе-жекте Батыр ауыр жарақат алады. Бар күшiн жиып, ол белгiлеген уақытта келедi. Ал қыз кешiккен.

Ол жас жiгiт жансыз жатқанда келедi. Жас сұлу Аллаһқа батырдың жуындыратын және жарасын жуатын су берудi жалбарынып сұрайды. Сол кезде жерден бұлақ көзi ашылып бұлақ атқылайды. Бұлақ суы жауынгерге күш бередi, ол қайта тiрiледi. Сол уақыттан берi тiрi су бiздiң заманымызға дейiн жетiп, жолаушылардың шөлiн басуда.

Ал Жылантас — жыланның басы жер астынан шыққан және осы бұлақты Тас шоқы қорғайды.

Содан берi Жылантастың рухы жақсы жолаушыларға денсаулық берiп, мейiрiмсiздерге қайырым жасамайды.

Аршалы аудандық Орталық кiтапхана

директоры В.Н.Карпич

Дата публикации
16 октября 2017
Дата обновления
16 октября 2017
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы