Аршалы ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мемлекет басшымыздың «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Қазақстанның сокральды географиясы» жобасын iске асыру аясында ауданның сокральды нысандары бойынша ауқымды кешендi зерттеу жүргiзiлiп, материалдар жинақталған.
Солардың бiрi, «Аюлы» шоқысы (Күзетшiтау).
Аюлы шоқысы (Күзетшiтау) — Аршалы ауданының Константинов селолық округiнiң аймағында орналасқан. Табиғи ескерткiш. Қыраттар қайындармен қапталған.
Көшпелi халыққа бұл шоқы ерте кезден бағыт бағдар көрсетушi болды. Шоқының төбесiне дала бүркiттерi ұя салған.
Жоңғар басқыншылығы кездерiнде Аюлы шоқысы қорғаныс бекетi болған. Аюлы тауында қарауылдаған күзетшi оңтүстiк- шығыс жақтан келе жатқан жауды көрiп от жағып белгi беретiн, ал ауыл тұрғындары отты көрiп үңгiрлерге тығылатын.
Ғасырлар өте келе Аюлы шоқысы қорғаныс бекетi болғаннан қалып, соы күнде табиғи орынға айналды. Шоқының жоғары жағынан туған өлкенiң сұлулығын, түкпiр –түкпiрiн көруге болады. Бұл жерге кейбiр кезде жас саяхатшылар от жағып тұрады, жас жұбайлар, әскерге кететiн жас жiгiттер көтерiледi. Қазiр бұл шоқы адамдардың ынтымағы мен тыныштығын сақтап, бақытын қорғайды.
Аршалы аудандық Орталық кiтапхана
директоры В.Н.Карпич