Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Аршалы балалар шығармашылық орталығының тарихи-өлкетану мұражайында «Туған өлке тарихы», «Көненiң көзi болған ескi заттар көрмесi», «Барлық әлем — мұражай» атты өлкемiздiң рухани және мәдени мұрасын сақтауға бағытталған тақырыптық шаралар өткiзiлдi.
Аталған шараларды өткiзуде мұражайлық жұмыстың әртүрлi әдiстерi пайдаланылды, оның iшiнде: мұражайдың негiзгi және қосымша қоры бойынша тақырыптық көрмелерге панорама-шолу, сырттай саяхат элементтерi, «Туған жердi танып бiл»бiлiм аукционы сияқты өттi.
Шараға қатысқан балалар мұражайдың негiзгi қорымен, туған жердiң тарихи тұлғаларымен, Ұлы Отан соғысының жауынгерлерi мен аршалылық жерлес жауынлерiмiз бен соғыстан аман-есен келген жауынгерлерiмiбен танысты. Сонымен қатар, оқушылар өткен ғасырлардағы адамдардың пайдаланылған көненiң көзi болып қалған заттарымен танысып, өздерiнiң шағын Отаны туралы мағұлмат алды деуге болады. Қызықты саяхаттың қатысушылары негiзiнен педогогтар мен Аршалы ауданы мектептерiнiң окушылары мен Агротехникалық колледжiнiң студенттерi.
2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы мұражай құндылықтарын насихаттаған педогогтардың оқушыларға берген тәлiм-тәрбиесi арқылы олар Отансүйгiштiкке, ұлендi құрметтеп, кiшiге iзет көрсетудегi толағай жұмыстарына бағыт бағдар беретiнi сөзсiз