«Рухани жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасы аясында Аршалы ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi «Өнер керуенi» атты жобаны әзiрлеп жүзеге асырып жатыр.
Бекiтiлген жоспарға сәйкес қыркүйек айының соңына дейiн ауданның барлық ауылдық округтерiн концертпен аралау жоспарлануда.
Бүгiнгi таңда аудандық мәдениет үйiнiң шығармашылық ұжымы Михайлов, Волгодон, Анар және Бiрсуат ауылдық округтерiнде концерттiк бағдарламасын қойды.
Сахнада ауданның әншiлерi мен би ұжымдары өз өнерiн көрсеттi. Концерттiк бағдарламада халық фольклорынан әндер шырқалды, әсiресе туған жер, атамекен, ана туралы әндер көрерменге қатты ұнады. Әншiлер мен бишiлердiң әрбiр өнер көрсетуiн халық зор қошеметпен қарсы алды.
Концерт соңында тұрғындар концерт ұйымдастырушыларына және аудандық мәдениет үйiнiң шығармашылық тобына алғысы мен ризашылығын бiлдiрiп, зор денсаулық, шабыт, еңбектерiне шығармашылық табыс тiледi.