Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күнi Аршалы ауданына Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласында туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу — шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiсiн дәрiптеу мақсатында «Отбасын жоспарлау мен сақтау бойынша құқықтық және медициналық-әлеуметтiк, психологиялық, ақпараттық және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру» атты Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды орындау аясында басшы Б.Ракушев бастаған «Шаңырақ» әлеуметтiк-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жұмыс сапарымен келдi. Iс шараға ауданымыздың отбасылы азаматтары мен жастары қатысты.
Шараның басты мақсаты — отбасы құндылығын сақтау, әке мәртебесi мен жауапкершiл ата-ана мәртебесiн көтеру, әке мен бала қатынасын нығайту болып табылады.
Шара барысында әр түрлi ойындар мен сайыстар өткiзiлдi. Оның iшiнде «Өз балаңды қаншалықты сезiнiп қабылдайсың?», «Өз жұбыңды қаншалықты сезiнiп қабылдайсың?» және «Әке асқар тау» атты сайыстар өттi. Сондай-ақ, табысты отбасылармен кездесiп, отбасын нығайту жолында тренингтер өткiзiлдi. Бұл шара мемлекеттiк қызметкерлер және қоғамдық бiлестiктердiң қатысуымен өттi.