11 ақпан күнi «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау аясында Қойгельдi мен астаналық «Номад» командалары арасында шайбалық хоккейден достық кездесу өттi.
Командалар керемет ойын көрсеттi. Кездесу 9:7 есебiмен Номад командасының пайдасына аяқталды. Екi команда да естелiк сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алды.
Қойгельдi хоккей командасы жас астанамыз сияқты 20 жасында керемет нәтижелерге қол жеткiздi. 2006 жылдан 2015 жылға дейiн Қойгельдi шайбалы хоккейден Ақмола облысының 10 дүркiн чемпиондары. Әрине, команда жаттықтырушысы Қайрат Китайбековтiң зор еңбегi бар. Мұндай өршiл команданың қатарында жастар хоккей лигасының чемпиондары — Данияр Самат және Данияр Саян сияқты жас чемпиондар. Қазiргi уақытта «Барыс» жастар командасында бой көтерiп, жақсы көрсеткiштер көрсетуде.