Меню

Страницы

Статья

ЖАУЫНГЕР ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Жастар орталығының ғимаратында интернационалист жауынгерлердiң «Афганистан к нам тянется сквозь годы» атты кездесуi өттi.

Кездесу барысында жүргiзушiлер интернационалист жауынгерлер туралы, Ауған соғысы 1979-1989 жылдар, 9 жыл 1 ай 19 күн өткенi туралы, Кеңес әскерлерiн Ауғанстанға әкелу себептерi, әскерлерiмiздегi болған қайғы оқиғалар және Ауғанстаннан Кеңес әскерлерiн шығару туралы қысқаша мәлiмет жасады.

Соғыс аяқталғаннан берi 29 жыл өттi — бұл адамдар үшiн өте маңызды және есте қалар күн. Бұл соғыстың 10 жылында 620 мыңнан астам кеңес әскерi Ауған соғысы арқылы өттi.

Оқушылар мен студенттер ауған соғысының батырлары — халықаралық борышын орындаған жерлестерiмiзбен танысты. Бiр минуттық үнсiздiк пен Юрий Бережный мен Сергей Одаричты еске алды.

Өлкетану мұражайының жетекшiсi Т.Коростелева мен «Акмолинская правда» газетiнiң тiлшiсi О.Балашованың баяндамаларын үлкен қызығушылық танытып тыңдады. Iс-шара барысында бейнефильмдер мен фотосуреттер көрсетiлдi.

Сондай-ақ, бiздiң ауған-сарбаздарымыз 10-11 сынып оқушыларына және №4 АТК студенттерiне билеттер тапсырды.

Дата публикации
16 февраля 2018
Дата обновления
16 февраля 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы