Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру аясында ауданның орталық кiтапханасында «Их подвиги бессмертны. Память сильнее времени» атты кiтаптың тұсаукесерi өттi.

Бұл туындының авторы — Ұлы Отан соғысының ардагерi, Михайловка ауылының құрметтi азаматы Беляев Георгий Семенович.

Георгий Семенович Михайловка мектебiнiң директоры қызметiнде 31 жыл еңбек еттi. 1 дәрежелi Отан соғысы орденiмен, Қызыл Жұлдыз, 12 медаль, «КСРО ағарту iсiнiң үздiгi» төсбелгiлерi, «Қазақ КСР халық ағарту iсiнiң үздiгi» белгiсi және Қазақстан Республикасының Бiлiм Министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды, 1953 жылдан 1986 жылға дейiн Михайловка ауылындағы халық депутаты болып сайланды. Көптеген жылдар бойы марксизм-лиминизмдi және КОКП саясатын насихаттаудағы еңбегi үшiн Лениндiк Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1976 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен Қазақ КСР-нiң еңбек сiңiрген ұстазы құрметтi атағы берiлдi. 1984 жылғы 18 ақпанда Михайловка ауылы халық депутаттары кеңесiнiң шешiмiмен Михайловка ауылының құрметтi азаматы, ал 2010 жылдан ауданның құрметтi тұрғыны атағы берiлдi.

Кездесу барысында аудан әкiмiнiң орынбасары А.Байжұма аудан әкiмi А.Тайжановтың атынан құттықтау хат табыс етiп, бiлiм саласына қосқан зор еңбегi үшiн алғыс айтып, зор денсаулық, күш-қуат пен бақыт тiледi!

Дата публикации
16 февраля 2018
Дата обновления
16 февраля 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы