Меню

Страницы

Статья

АУДАНДЫҚ ТУРИСТЕРДІҢ «ТУҒАН ЖЕР» СЛЕТІ

Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйек күндерi «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жас техниктер станциясы, басшысы Б.Ахметовтың бастауымен Басакин сайында «Туған жер» атты туристiк слет өттi.

Туристiк сайысқа алты команда қатысты. Оның iшiнде: «Барыс» және «Барыс-2» Михайловка ауылы, «Легион» №1 Аршалы орта мектебi, «Оба-на» Константиновка ауылы, әскери спорттық клуб «Каскад» Ижевск ауылы, «Горизонт» Николаевка ауылы.Слеттiң бiрiншi күнi командалар сай аймағынада орналасып, лагерьлерiн құрды. Сондай-ақ, слеттiң салтанатты түрде ашылуы болып, ұйымдастырушысы Б.Ахметов командаларды, қазыларды және жетекешiлердi таныстырып өттi. Екiншi күнi, командалар арасында туристiк кезеңдердi өту басталды. Олар: «Шатастырма», «Тасымалдау», «Бөгет», «Төсеме», «Өткел», «Қатар таяныш», «Су қайнату», «Түйiн», «Медицина». Ең жақсы нәтиже көрсеткен Константиновка ауылының «Оба-на» командасы бiрiншi орынды иеленсе, екiншi және үшiншi орынды Михайловка ауылының «Барыс» және «Барыс 2» командалары иелендi.

Жүлделi командалар кубок пен ескерткiш сыйлықтармен марапатталып, «Оба-на» командасына Астана қаласында өтетiн «Күзгi жапырақтар» атты туристiк шараға шақыру табыс етiлдi.

Дата публикации
20 сентября 2017
Дата обновления
20 сентября 2017
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы