Меню

Страницы

Статья

АРШАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АКЦИЯСЫНЫҢ АЯСЫНДА ФОРУМ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күнi аудандық Мәдениет үйiнде жалпыреспубликалық жастар арасындағы «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» акциясының аясында форум өттi.

Форумды аудан әкiмi А.Тайжанов ашып, сөз сөйледi: «Құрметтi қатысушылар! Бүгiн бұл жерде жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсендiлерi, жас мемлекеттiк қызметшiлер, ұстаздар мен мен мектеп оқушылары жиналып отыр. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетiлген негiзгi тезистер қазақстандық қоғамының әрi қарай дамуына бағдар болып табылады…» — деп айтып өттi.

Форум барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауданымызда жүзеге асырылуы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы, «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Аменкина, «Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ басшысы А.Баяжұма, өлкетанушы, балалар өнер орталығы кеңесiнiң мүшесi Т.Коростелева және №3Аршалы орта мектебiнiң оқушысы А.Кеншiлiкова толығырақ баяндады.

Шара соңында аудан әкiмi «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан бойынша жүзеге асыру барысында белсендiлiк танытқан азаматтарға алғыс хаттарын ұсынды.

Дата публикации
22 сентября 2017
Дата обновления
22 сентября 2017
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 марта 2024
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
14 января 2024
ЖАРИЯ КАДАСТРЛЫҚ КАРТА
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы