«Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 20/4
«Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Аршалы аудандық мәслихатының шешім жобасына салыстырма кесте
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Әрекет ететін редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
1 |
Тақырыбы |
Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
|
Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және қағидасын айқындау туралы
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес |
|
2 |
1- тармақ |
1. Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын. |
1. Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес |
|
3 |
1 қосымшасының тақырыбы |
Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
|
Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес |
|
4 |
1 қосымшасының 4 - тармағы |
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр алынады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде 30 (отыз) шаршы метр алынады. |
«4.Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1- тармағына сәйкес есептейді.
|
«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 492 бұйрықтары |
|
5 |
1 қосымшасының 5 тармағы |
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
|
алып тасталсын
|
«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 492 бұйрықтары |
|
6 |
1 қосымшасының 3 тарау
|
«Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі»;
|
тақырып алып тасталсын
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес |
|
7 |
1 қосымшасының 4 тарау |
« Тұрғын үй көмегін төлеу»;
|
тақырып алып тасталсын
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес |
|
8 |
1 қосымшасының 2-тарау
|
«Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері».
|
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі».
|
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес |