Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 24 маусымдағы № 20/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8777-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

1 - қосымшадағы тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;

көрсетілген шешімге 1-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.»;

5 - тармақ алып тасталсын;

1-қосымшада тақырыптар алынып тасталсын:

«3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі»;

«4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу»;

Тақырып «2 - Тарау. жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі».

  1. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 февраля 2026