БЖЗҚ-дағы ашық есiк күнi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында 27 қараша күнi онлайн форматта «Ашық есiк күнiн» өткiзедi. Әрбiр адам арнайы онлайн-платформаның көмегiмен осы iс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Iс-шараның тақырыбы — «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi — Ашық есiк күнiнiң негiзгi аудиториясы. «Ашық есiк күнiне» қатысушылар шеберлiк сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалай жұмыс iстейтiнi туралы бiлетiн болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесiп, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың ең жылдам әдiстерiн көрсетедi.

Сонымен қатар зейнетақы жүйесiнiң жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешендi ақпарат беру де осы iс-шараның мақсаты болып табылады.

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec8dc8c1caa6a9c810ea4339be569497b басталуы сағат 10:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 204 0350, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e83f2eb60f74788fd31fdbb051067fda4 басталуы сағат 12:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 085 912, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eefa03f311a317544be68442bd2b95f6f басталуы сағат 14:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 238 5929, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e677adc843084960faa7b525bfe1c4198 басталуы сағат 16:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 472 8961, 1234 паролiн енгiзiңiз.

Бiз сiздердi күтемiз!

Дата публикации
30 ноября 2020