Хабарландыру — аңдатпа «БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есiк күнiне» шақырады

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есiк күнiн» өткiзедi. Басты тақырып — «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi. Зейнетақыны жоспарлау».

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi — Ашық есiк күнiнiң негiзгi аудиториясы. Iс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтерi туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшiн азаматтық, моральдық жауапкершiлiк сезiмiн дамыту.

Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара iс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйi туралы жедел ақпарат алу тәсiлдерi туралы әңгiмелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша бiлiктi ақыл-кеңестерiн бередi.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 ден 16:00 ге дейiн өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме бойынша өту керек.

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec8dc8c1caa6a9c810ea4339be569497b басталуы сағат 10:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 204 0350, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e83f2eb60f74788fd31fdbb051067fda4 басталуы сағат 12:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 085 912, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eefa03f311a317544be68442bd2b95f6f басталуы сағат 14:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 238 5929, 1234 паролiн енгiзiңiз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e677adc843084960faa7b525bfe1c4198 басталуы сағат 16:00де. event-мәжiлiс нөмiрiн 176 472 8961, 1234 паролiн енгiзiңiз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет бiлдiрушiлердi ашық есiк күнiне күтедi.

Дата публикации
30 ноября 2020