Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсеттi. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық iндетке (COVID-19) байланысты бiрқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда көрсеткiштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткiштерге онлайн-қызметтердi ұсынудың оңтайлы жүйесiнiң арқасында қол жеткiзiлдi, себебi, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемiнiң 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдығы 20,2% немесе 2,2 млн қызметке өстi.
Осылайша салымшылардың көпшiлiгi БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен қызметтердiң толық спектрiн үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.
Шектеу шаралары жеңiлдетiлгеннен кейiн БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлiмшесi өз есiктерiн айқара ашты. Онда қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды тазалау және дезинфекциялау сияқты барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, бiздiң салымшыларымыз 9 айда 1 миллионға жуық, дәлiрек айтқанда 993 044 қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлiмдерi 1 қазандағы жағдай бойынша Қор салымшыларына 76,1 мың қызмет көрсеттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-ның кейбiр қызметтерi «»Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлiмшесiнде де ұсынылады. Осылайша БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ қалалар мен ауылдардағы салымшылар бұрын жақын маңдағы iрi елдi мекендерге баруды қажет еткен қызметтердi ендi еш қиындықсыз алады. Жыл басынан берi «Қазпошта» бөлiмшелерiнде салымшыларға 2930 қызмет көрсетiлдi. Ал «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төмендегi операция түрлерiн жүзеге асыруға болады:
•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);
•хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн).
БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны екi еседен аса артты: 2020 жылы 1,1 млн өтiнiш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңiнде 508,19 мың өтiнiш қабылданды.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да кеңес алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).