2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

 

2026 жылғы 8 ақпанда Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

         Аршалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, №161 учаскелік сайлау комиссиясының Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жібек жолы сайлау округі

Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 571 азамат енгізілді, олардың – 159 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –8.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Агибаева А.Т. – 134; Бортникова А.А. – 8; Ерисова Е.С. – 3.

         Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып Ақмарал Тлеубайқызы Агибаева сайланды, 1988 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, Жалтыркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама
Дата публикации
09 февраля 2026