2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат

 

 

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 31 желтоқсанда «Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдады, жоғарыда көрсетілгендердің негізінде әкім сайлауы 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалды.

Сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 1 аумақтық және 1 учаскелік комиссия қатысады. Барлығы 12 комиссия мүшесі, оның ішінде 7 АСК мүшесі, 5 УСК мүшесі.

Ұсыну кезеңінде бір округ бойынша 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат жеке өтініші бойынша алынып тасталды, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкіміне кандидат декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын растамауына байланысты Аршалы ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының хаты негізінде 1 кандидатты тіркеу жойылды.

3 кандидат тіркелген және сайлау бюллетеньдеріне енгізілген.

Округ аумағында 1 баннер орналастырылған, ақпараттық плакаттар желімделген.

18 қаңтар сағат 18.00-ден кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады, ол 6 ақпанды қоса алғанда жалғасады.

18 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау округі бойынша сайлаушылар саны 571 адамды құрайды.

Мүгедектігі бар адамдарсаны – 1 адам (есту қабілеті нашар).

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шақыру қағаздарын таратқан кезде, сондай-ақ үйде дауыс беру бойынша өтініштерді жинау бойынша жұмыс жүргізеді.

Учаскелік комиссия ақпараттық стендтермен, кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын урналармен, кеңсемен және т.б. жабдықталған.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен сайлау комиссиялары мүшелерімен оқыту семинары өткізілді, оның барысында дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, дауыстарды санауды жүргізу, дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және ұсыну, сондай-ақ АСК пен УСК арасындағы жұмыстағы басқа да аспектілер мәселелері қаралды. Дауыс беру күні туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Алған білімдерін бекіту үшін семинарға қатысушыларға кейстік тапсырмалар, бақылау сұрақтары ұсынылды, «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР ҚЗ біліміне тестілеу өткізілді.

Сайлау күні комиссиялардың жұмысы дауыс беру күнін өткізу алгоритміне сәйкес ұйымдастырылады.

Комиссиялардың жұмысы бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі.

 

 

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат
Дата публикации
03 февраля 2026