2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу шеңберіндегі Семинар-кеңес

2026 жылғы 27 қаңтарда 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу аясында Ақмола облыстық сайлау комиссиясының, Аршалы аудандық сайлау комиссиясының және Жалтыркөл ауылы №161 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинарды Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы «2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған ауылдық округ әкімдерінің сайлауына дайындық барысы туралы» ақпаратпен ашты.
Негізгі баяндамамен Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Акубасова Сәуле Барлыбайқызы сөз сөйледі.
«Дауыс беру үй-жайын сайлау учаскесінде жабдықтау және учаскелік сайлау комиссияларының сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жүргізуі туралы» тақырыбында Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наурызбекова Асия Жасқайратқызы баяндама жасады.
Одан кейін Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Мамилин Қадырғазы Жұмағазыұлы «Сайлау науқанына дайындық және сайлау өткізу барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Бекентаева Алма Болатқызы «Ақпараттандырудың практикалық мәселелері, сайлауалды үгіт-насихат, сондай-ақ сайлау күні бақылаушылармен, сенімді өкілдермен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл» тақырыбында баяндама жасады.
Келесі спикерлер Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы «Тіркеу журналдарын жүргізу және сайлаушылардың тізімімен жұмыс» тақырыбында, сондай-ақ Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ресімдеу бойынша практикалық сабақ» тақырыбында сөз сөйледі.
Ситуациялық кейстерді талдауды Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Темербеков Айдар Сансызбайұлы жүргізді.
Сонымен қатар семинарға қатысушылардың барлығының қатысуымен «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өткізілді.
Семинар қорытындылау және комиссия мүшелерінің барлығын сайлау заңнамасы бойынша тестілеуден өткізу арқылы аяқталды.

 

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу шеңберіндегі Семинар-кеңес
Дата публикации
29 января 2026