2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Аршалы аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 16 қаңтарда Жібек жолы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Булавкин Игорь Саукенович -1977 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Жалтыркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
- Агибаева Акмарал Тлеубаевна -1988 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Жалтыркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
- Ерисова Елена Сергеевна -1969 жылы туған, бас маман, "Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Түрген ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Бортникова Алёна Алексеевна -1993 жылы туған, бас маман, "Ижев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Ақбұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.