№161 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы және шығып қалғандардың орнына аталған комиссияның мүшелерін тағайындау туралы ақпараттық хабарлама

№161 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы және шығып қалғандардың орнына аталған комиссияның мүшелерін тағайындау туралы

ақпараттық хабарлама

                             

 

         Ақмола облысының Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 20-бабының 12-тармағы негізінде Жібек жолы ауылдық округі әкіміне кандидаттың Игорь Саукенович Булавкинның тіркеуіне байланысты №161 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Игорь Саукенович Булавкинның міндеттерін атқару тоқтатылсын деп хабарлайды.

Сайлау науқаны кезеңінде 2026 жылғы 18 қаңтар мен 2026 жылғы 8 ақпанды қоса алғанда, №161 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Саулеш Акбузауовна Кожахметова тағайындалсын.

 

         Ақмола облысының Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына, 19-бабы 8-тармағына сәйкес және учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің №161 өтінішіне, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 қаңтардағы №26/74, 2026 жылғы 16 қаңтардағы №26/75 қаулыларына сәйкес:

- Амангелды Есмагамбетович Аманжолов №161 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндетінен өз еркімен, денсаулық жағдайы бойынша босатылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға №161 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Дармен Рахметович Акимгалиев тағайындалды.

 

 

Ақмола облысы Аршалы аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы                          С. Акубасова

№161 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы және шығып қалғандардың орнына аталған комиссияның мүшелерін тағайындау туралы ақпараттық хабарлама
Дата публикации
19 января 2026