2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданы Жібек жолы округінің әкімін сайлаубойынша кандидаттарды ұсыну туралы хабарлама
2026 жылғы 11 қаңтарда Аршалы аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәсілімен 3 кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы Жібек жолы ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.
2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қаңтар мен ағымдағы жылғы 13 қаңтар аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы