Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды бойынша сайлау округінің шекаралары, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №135/70 қаулысы мен Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №28/15 «Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Жібек жолы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Жібек жолы сайлау округі Жібек жолы ауылдық округінің шекарасында.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47 (Аршалы кентінің Жастар орталығы), 2 каб., тел. 8(71644) 2-18-80
комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;
төрайымның орынбасары – Темербеков Айдар Сансызбайұлы;
комиссия хатшысы – Граф Ксения Александровна;
комиссия мүшелері: Аитбанов Алиби Маханбетыярович, Асанова Людмила Сабировна, Ниевина Татьяна Васильевна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы