БЖЗҚ салымшылары электрон сервистердiң көмегiмен қызметтердiң 90 пайыздан аса түрiн ала алады. Үйден немесе кеңседен, қордың бөлiмшесiне бармай-ақ Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қандай қызметiн онлайн алуға болады? Материалымыздан оқыңыз.
Қазiргi таңда БЖЗҚ электрон қызметтерiнiң мына түрiн ұсынады:
•ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу (өз пайдасына);
•реквизиттерге, оның iшiнде ақпарат беру тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;
•жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) көшiрменi қарау;
•жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) көшiрменi электрон мекенжайға алу;
•жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) бар екенi туралы анықтама алу;
•ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi / зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу ("дубликат");
•Бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн мерзiмсiз тағайындау туралы өтiнiш беру;
•төлемге және (немесе) көшуге өтiнiштiң мәртебесiн бақылау;
•зейнетақы калькуляторының көмегiмен шамамен қанша зейнетақы алатыныңызды есептеу және т.б.
Сайт немесе қосымша
Онлайн-қызметтердi пайдалану үшiн enpf.kz қор сайтында тiркелу жеткiлiктi немесе ENPF ұялы қосымшасын жүктеп алыңыз. Оны қазақ және орыс тiлдерiнде GooglePlay, AppStore және Huawei AppGallery сервистерiнен жүктей аласыз.
Компьютер, ноутбук, смартфон немесе планшет арқылы бiрнеше басып, өзiңiздiң жеке зейнетақы шотыңыздағы соманы көре аласыз. Сондай-ақ, толық көшiрменi алып, зейнетақы калькуляторын пайдаланып, болашақ зейнетақыңызды есептей аласыз.
Бұл қызметтерге қол жеткiзу үшiн электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН ретiнде пайдаланылады) және құпиясөз керек. Логин мен құпиясөз тiркелуi тиiс. Ол үшiн интернет хабарландыруды таңдау қажет (ақпарат алу тәсiлiн enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен өзгертуге болады. Ол үшiн электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана аласыз немесе жеке куәлiгiңiзбен БЖЗҚ кеңсесiне барасыз).
Telegram-bot
Қызметтердiң бiр бөлiгiн Telegram-дағы арнайы боттың көмегiмен алуға болады. Онда бастапқы кеңестi қоса алғанда, көптеген функция бар. Бұдан басқа, тiкелей смартфоннан шағын көшiрме алуға, жеке кабинеттен құпиясөздi қалпына келтiруге, БЖЗҚ-ның өзектi жаңалықтарымен және көрсеткiштерiмен танысуға, әрi қордың жақын маңдағы бөлiмшесiн табуға болады.
Қор қызметтерiн пайдалана отырып, сiз валюталардың бағамымен таныса аласыз. Сонымен қатар, жол ережесiн бұзсаңыз, айыппұлдың бар-жоғын тексере аласыз және т.б.
Көшiрменi тiкелей ботта алу үшiн сiзге интернет ақпараттандыру туралы келiсiмге қол қою қажет. Ол үшiн Telegram-дағы "оператормен байланыс" функциясын пайдалана аласыз.
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсеткен. Ал онлайн форматта 10,9 миллион операция жасалған.
БЖЗҚ-ның кейбiр қызметiн "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта операторының 300 бөлiмшесiнен де алуға болады.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары call-орталықтың 1418 нөмiрiне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) хабарласа алады немесе enpf.kz сайтынан кеңес алуға мүмкiндiгi бар.
Сондай-ақ, WhatsApp чат-боты арқылы, 7 777 000 14 18 Viber нөмiрi бойынша, Facebook, Instagram, "ВКонтакте", Twitter, Telegram, "Одноклассники" әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ ресми парақшаларын пайдалануға болады.