О резервировании земель на территории Аршалынского района

Аршалы ауданының аумағында
жерлерді резервтеу туралы


Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабына, «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178
бұйрығына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2 бабының 3 тармағына
сәйкес Аршалы ауданының аумағында Қостомар ауылы елді мекенінде
халықтың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне қажеттілігін
қамтамасыз ету үшін 10 жыл мерзімге жер учаскелері резервке алынсын.
2. Халықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне
қажеттілігін қамтамасыз ету үшін резервке алынатын Қостомар ауылының бас
жоспарларына схемаларға сәйкес резервке алынатын жер учаскелерінің
шекаралары айқындалсын.
3. Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің, ауылдық елді
мекендердің) жерлері.
4. Жерді пайдаланудағы шектеулер: азаматтарға және мемлекеттік емес
заңды тұлғаларға осы қаулыға қоса берілетін бас жоспарларға схемаларда
көрсетілген жер учаскелері бөлек меншікке және жер пайдалануға берілмейді.
5. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және
кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) осы қаулының көшірмесі қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс
күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға
оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін жіберілсін;
2) жерді резервке қою туралы осы қаулы қабылданған күннен бастап
күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Аршалы ауданы аумағында мерзімді баспасөз
басылымдарында жариялау, сондай-ақ Аршалы ауданы әкімдігінің интернет
ресурстарында орналастыру арқылы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз
етуге міндетті.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі
орынбасарының міндетін атқарушысы С.Т. Инсебаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аршалы ауданы әкімі                                                                                         Д. Есжанов

Аршалы ауданының аумағында жерлерді резервтеу туралы
Дата публикации
18 декабря 2025