2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

Күтілетін нәтиж

1

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іс-шараларды өткізу қызметтері: «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға және нашақорлыққа тәуелді азаматтарды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру»

500 000

Мәселенің өзектілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ІІМ деректерімен, жастардың психоактивті заттарды қолдануға тартылу қаупінің артуымен расталады. Алдын алу қажеттілігі халық денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларда айқындалған.

Жастар мен жасөспірімдер, оның ішінде тәуекел топтары

Жастардың нашақорлықтың қауіп-қатерлері туралы хабардарлығын арттыру, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, жасөспірімдерге бастапқы қолдау көрсету

2

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жасыл Ел» жобасы бойынша іс-шараларды өткізу қызметтері

8 000 000

«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында және жастарды дамыту бағдарламасында бекітілген мемлекеттік жастар саясаты мен экологиялық күн тәртібінің басымдықтарын іске асыру.

Жастар, білім алушылар және жұмыссыз жастар

Экологиялық мәдениетті нығайту, азаматтық белсенділікті және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру

3

Аршалы ауданында гендерлік саясатты іске асыру «Тең мүмкіндіктер — орнықты даму»

1 500 000

Өзектілік ҚР-дағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық стратегиямен және уәкілетті мемлекеттік органдардың әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту қажеттілігі туралы деректерімен расталады.

Әйелдер, оның ішінде көпбалалы аналар, ауыл әйелдері, әйел-белсенділер

Әйелдердің отбасындағы және қоғамдағы рөлін нығайту, тәжірибе алмасу, әлеуметтік белсенділікті арттыру және әйелдерді қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу

4

Аршалы ауданында радикалды діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультативтік-реабилитациялық көмек көрсету қызметтері

4 000 000

Экстремизмнің алдын алу қажеттілігі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламада, сондай-ақ құқық қорғау және уәкілетті органдардың талдамалық деректерінде айқындалған.

Радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшыраған тұлғалар, олардың отбасы мүшелері

Радикалдану қаупін төмендету, әлеуметтік бейімделу мен қоғамға қайта кірігу деңгейін арттыру

5

Балалармен психологиялық сүйемелдеу және профилактикалық жұмыс жүргізу қызметтері

1 500 000

Білім беру және денсаулық сақтау органдарының деректері бойынша балаларға ерте психологиялық қолдау көрсетуге және деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға қажеттілік артып келеді.

Балалар мен жасөспірімдер, оның ішінде әлеуметтік осал санаттар

Психологиялық қолдау деңгейін арттыру, эмоциялық әл-ауқатты нығайту және жағымсыз мінез-құлық тәуекелдерін азайту

6

Аршалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру

1 000 000

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мен жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдарын іске асыру.

Аудан халқы, жастар, мемлекеттік қызметшілер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде (бұдан әрі – АПББ) қолжетімді 47 қызметтің жалпы тізімі.
Дата публикации
06 ноября 2025