TOO «ULY DALA AGRO KZ» жер телімін беру туралы Турген а.о

TOO «ULY DALA AGRO KZ»
жер телімін беру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы № 442-II Жер Кодексі Заңының 19, 43, 44-1 бабтарына сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және 2025 жылғы 14 мамырдағы жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспары негізінде:
1. «ULY DALA AGRO KZ» ЖШС жер учаскесін беру, алаңы 3.0000 га, кадастрлық нөмірі 01-005-030-507, Ақмола облысы Аршалы ауданы Түрген ауылында орналасқан объектіні (АЖҚС, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар) салуға және оған қызмет көрсетуге арналған 4 жыл 11 ай мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығында. 2. «ULY DALA AGRO KZ» ЖШС «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-мен 4 жыл 11 ай мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде алаңы 3.0000 га жер учаскесін жалға алу шартын жасасын.
3. Жер учаскесінің бөлінуі-бөлінбейтін.
4. Жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, экологиялық, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да талаптарды қатаң сақтау.
5. Мерзім өткеннен кейін бұл өкім жарамсыз болып саналады. 6. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

TOO «ULY DALA AGRO KZ» жер телімін беру туралы Турген а.о
Дата публикации
10 октября 2025