«ULY DALA AGRO KZ» ЖШС-не Түрген ауылдық округінен жер телімін беру туралы

TOO «ULY DALA AGRO KZ»
жер телімін беру туралы


Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы № 442-II
Жер Кодексі Заңының 19, 43, 44-1 бабтарына сәйкес, 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35
бабына және 2025 жылғы 15 мамырдағы жер учаскесінің жер-кадастрлық
жоспары негізінде:
1. «ULY DALA AGRO KZ» ЖШС жер учаскесін, алаңы 20.0000 га,
01-005-030-508 кадастрлық нөмірі, Ақмола облысы Аршалы ауданы Түрген
ауылында орналасқан объектіні (СТФ, мал шаруашылығы кешені) салуға
және қызмет көрсетуге арналған 4 жыл 11 ай мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығында.
2. «ULY DALA AGRO KZ» ЖШС «Аршалы ауданының ауыл
шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ 4 жыл 11 ай
мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығындағы алаңы
20.0000 га жер учаскесін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жалға алу шартын
жасассын.
3. Жер учаскесінің бөлінуі - бөлінетін.
4. Жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану
экологиялық, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да
талаптарды қатаң сақтау.
5. Мерзім өткеннен кейін бұл өкім жарамсыз болып саналады.
6. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

«ULY DALA AGRO KZ» ЖШС-не Түрген ауылдық округінен жер телімін беру туралы
Дата публикации
10 октября 2025