«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47, 307 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(71644)21870 (ішкі 108), электрондық мекен-жайы: arshaly_sup@aqmola.gov.kz)(электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 мб-тан аспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.ru және т. б.) - 5мб-дан артық емес). Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі, тұрғын үй қорын басқару салаларындағы елді мекендер шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау, шығыстар сметасын келісу, жұмыстардың сапасын бақылау. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару және орындалуын бақылау. Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу. Кондоминиум объектілері мен оның инженерлік жабдықтарының ортақ мүлкінің техникалық жай-күйін бақылау, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуы. Кондоминиум объектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу. Бақылаудағы объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету. Функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға жауап беру. Ауданда тұрғын үй саясатын іске асыру. Тұрғын үй саласын дамытуда өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Соттарда мемлекеттік органның мүдделерін білдіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларында (автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе жылуэнергетика немесе электрэнергетика немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) немесе сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе мұнай-газ ісі немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) немесе материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) салаларында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, не ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
кемінде бір жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін
Негізгі функционалдық міндеттері: Жұмысты ұйымдастыру және бақылау: статистикалық, шаруашылық бойынша есепке алу; сайлау алдындағы жұмыстарды жүргізу; мемлекеттік қызметтер көрсету; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; қоғамдық жұмыстар; кентті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстар; туысы жоқтарды жерлеу; кенттегі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар мен халықты жылумен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. ОДО-ға азаматтарды шақыру және келу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жастар саясаты, патриотизм және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыру. Кенттегі азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе қызмет көрсету немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес;;
2) екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында не судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде Уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
|
«Б» корпусының мемлекеттік 2-қосымшасы |
Нысан
|
|
__________________________ |
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________ Мекенжайы: ____________________________________________________________________
Байланыс телефондары: ____________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________