Цифрландыру: Жұмысқа орналасу үшін қажетті 15 анықтаманы eGov арқылы алу

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-пен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы көрсетілетін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізді. Нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ұсынылатын ең сұранысқа ие 15 мемлекеттік қызмет анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде халық арасында сауалнама жүргізіліп, онда азаматтарды тиісті анықтамаларды алуға қандай ұйымдар жіберетіні және олардың қандай мақсатта сұралатыны туралы ақпарат нақтыланды.

Сауалнама нәтижелері бойынша, азаматтардың шамамен 80%-ы әртүрлі ұйымдардың жолдауымен, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында, келесі анықтамаларды алуға баратыны анықталды:

  • Соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;

  • Наркологтың динамикалық бақылауында болмауы туралы анықтама;

  • Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру;

  • «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну;

  • Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан анықтамалар;

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;

  • Жеке тұлғада жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;

  • «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну;

  • Банк қарыздарын, микрокредиттерді 6 ай мерзімге алудан ерікті түрде бас тарту;

  • Кредиттік тарихты алу (бірінші кредиттік бюро);

  • Емханаға тіркелу;

  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебі бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтер;

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру;

  • Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат ұсыну;

  • Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауы туралы мәліметтер беру.

Қазіргі уақытта eGov порталында пайдаланушыларға ХҚО-ға жеке бару қажеттілігінсіз ақпарат сұратуға мүмкіндік беретін үшінші тұлғалар туралы мәліметтер алу сервисі жұмыс істейді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқаруды, экономиканы және тіршілік әрекеті салаларын жасанды интеллект технологияларын енгізе отырып цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, қоса берілген кестеде көрсетілген ұйымдармен ХҚО-ға жүгінбестен, eGov порталы арқылы қажетті мәліметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Дата публикации
01 октября 2025